Қарағандылықтар туған қаласына арналған жыл әнін таңдап алады
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда жексенбі, тамыздың 29-ында Кеншілердің мәдениет үйінің сахнасында «Біз - қарағандылықтармыз» бірінші қалалық фестивалінің шымылдығы жабылады.
Бұл шараның басты оқиғасы - Қарағанды туралы әннің таңдауы болады, дейді фестивальді ұйымдастырушылар.
«Қазір финалға қарағандылық авторлар жазған 12 ән шықты. Олардың ең үздігін көрермендер дауыс беру арқылы таңдап алады. Қонақтарды сондай-ақ, қызықты кездесулер, Қарағанды туралы әңгімелер мен викториналар күтіп тұр», - деп хабарлады ұйымдастыру комитетінен. Фестиваль - бұл іс-шаралар мен бұқаралық әлеуметтік акциялардың бір топтамасы, дейді ұйымдастырушылар.