Қарақат Әбден отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Түркістан қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтемемен.
None

Қарақат Әбден кездесуде отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды.

Бұдан бөлек, кездесу барысында сайлаушылармен өзге де өзекті әлеуметтік-қоғамдық сұрақтар талқыланды.

Еске салсақ, елімізде бұған дейін кандидат Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Жамбыл облысы сайлаушыларымен жүздеседі.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар