Қарақат Әбден Таразда сайлаушылармен кездесті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасып жатыр. Бүгін ол Тараз қаласының сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.
None

Үйде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап жетілдірілген моделі аясында кандидат патронаждық медбикелермен бірге жүкті әйелдердің отбасыларына барды. «Жанұя» емханасының бас медбикесі Сәуле Калетаева атап өткендей, патронаждық қызметтің бұл моделі ана мен бала денсаулығын бақылап, зиянды факторлардың алдын алуды көздейді. Жүкті және босанған әйелдердің үйлерін аралап, әлеуметтік қызмет көрсету – өзінің нәтижелілігін дәлелдеген маңызды бағыт. Сондай-ақ, кездесу барысында патронаждық қызметкерлер бұл салада кәсіби мамандардың жетіспеушілігі жайлы сөз қозғады.

Бұған дейін Қарақат Әбден 10 облыста 40-тан астам кездесу өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар