Қарақат Әбденнің сайлауалды кездесуіне халықаралық байқаушылар қатысты

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» атты тігін фабрикасының ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер мен әлеуметтік сұрақтар талқыланды.

Сондай-ақ бүгінгі кездесуге ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясының өкілдері Кристофер Маккалоу мен Кристина Богданова қатысты. Олар үгіт-насихат науқанының барысымен, Қарақат Әбденнің сайлауалды штабтарының жұмысымен танысты.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Сайлау барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды. Кандидат Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен жүздеседі.


Соңғы жаңалықтар
telegram