«Қарақшы археологтар» Азов маңындағы аса ірі қорғанды тонап кеткен

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Украинаның Запорожье облысында белгісіз қаскөйлер Старобогдановка деревнясының маңындағы «Куляб-зират» деп аталатын қорғандар кешенін тонап кеткен,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Тамыздың 24-інде «Збережемо святині Запоріжжя» қоғамдық ұйымының мүшелері қорғанның дәл ортасынан 10 метрлік терең шұңқыр қазылғанын анықтаған. Олардың мәлімдеуінше, «қарақшы археологтар» арнайы техникаларды қолдана отырып бірнеше күн жұмыс істеген. Алайда жергілікті тұрғындар да, билік өкілдері де қылмыскерлерді байқамаған.

«Куляб-зират» - Азов теңізі аумағындағы аса ірі қорғандар кешені. Кешеннің жасы бес мың жылды құрайды. Осы уақытқа дейін археологиялық ескерткіштің аумағында ауқымды қазба жұмыстары жүргізілмеген және іс жүзінде сақталып келген.

Соңғы жаңалықтар