Қарақшылар 17 жасар қызды зорлап, оның дүңгіршегінен құны 3 миллион теңгеден астам алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елордада екі азамат 17 жастағы қызды зорлап, оның сауда жасайтын дүңгіршегінен құны 3 миллион теңгеден астам алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.
None
None
Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жанат Битенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, оқиға мамырдың 10-ы күні 16 сағат 30 минөт шамасында Бөгенбай көшесінің бойындағы «Әлем» сауда үйінің жанында болған. Тап осы күні осында шешесінің орнына сауда жасауға шыққан 1992 жылы туылған жас қызды жерасты өткелінен өтіп бара жатқан жерінен екі азамат пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Қарақшылардан қорыққан қыз өзі сауда жасайтын дүңгіршектің кілтін беріп, сол жерден алтын бұйымдарын алуға болатындығын айтқан. Сол мезетте қарақшылардың бірі қызды зорлап, ал екіншісі дүңгіршекке кіріп, құны 3 миллионнан астам теңгенің алтын бұйымдарын алып шығады. «Осы оқиғадан хабардар болған соң тәртіп сақшылары қылмысқа қатыстыларды анықтау мақсатында жедел түрде ұрланған заттардың өткізілуі мүмкін орындарды бақылауға алады. Бұдан соң жәбірленуші қыздың айтуынша, қылмыскерлердің суреттері жасалады. Қарақшыларды табуға Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгел тартылады. Сөйтіп жедел-іздестіру шараларының барысында 1987 жылы туылған К. және Б. есімді азаматтар ұсталады. Олар еш жерде жұмыс істемейтін оңтүстік өңірдің тұрғындары болып шықты. Одан әрі қарай жүргізілген тексеру жұмыстарының барысында әлгілердің осыған дейін жасалған тағы екі тонау әрекеттеріне қатыстылығы анықталды», - деді департамент бастығының орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, күдіктілер қазір қамауда жатыр. Оларға қыз зорлап, алдын ала мәмілелесіп, қарақшылық шабуыл жасады деген айып тағылып отыр. Бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекс бойынша кінәлілерді 12 жылға дейінгі аралықта бас бостандықтарынан айырып, мал-мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
Соңғы жаңалықтар