Қарақшылар гректердің кемесін үш миллион долларға босатты

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Екі ай бойы баукеспелердің қолында болған, командасы 22 адамнан тұратын гректердің «Филица» жүк кемесін Сомали қарақшылары босатты,

Қарақшылар гректердің кемесін үш миллион долларға босатты

деп хабарлайды ҚазАқпаратAssociated Press сайтына сілтеме жасап.

Грекия үкіметі жүк кемесіне төлем төленгеннен кейін кеменің дүйсенбі күні, ақпанның 1-інде босатылғанын нақтылады. Жүк кемесі команадасы мүшелерінің - 18 филиппиннің, үш гректің және бір румынның денсаулықтары - ойдағыдай деп бағаланады.

Аден бұғазымен Маршалл аралдарының туы астында кетіп бара жатқан «Филица» жүк кемесі қарақшылардың қолына 2009 жылғы қарашаның 11-інде түскен болатын. Кейбір деректерге қарағанда, кеме химикаттарды тасымалдаған көрінеді.