Қарақшыны ізі суымай қолға түсірді - Ақтөбе

АҚТӨБЕ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік полиция қызметкерлері екі қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен ізін суытпай 25 жастағы азаматты қолға түсірді, деп хабарлады ІІД-гі баспасөз мәслихатында.
None
None

Тергеу алдында жүргізілген тексеріс барысында анықталғандай, шамамен 23.00-де күдікті азамат Абай даңғылымен келе жатқан 38 жастағы әйелді байқап қалады. № 24 үйдің кіре берісіне дейін артынан жүріп, ол пышақпен қорқытып, әйелдің ақшасын, ұялы телефоны мен алтын бұйымдарын тартып алды. Келтірілген зиян - 85 мың теңге болды.

Шамамен жарты сағаттан кейін күдікті азамат осындай жолмен басқа әйелдің де мүлкін алып қойды. Соңғысына келтірілген зиян 42 мың теңгені құрады.

Аталған деректермен ҚР ҚК-нің 179 бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті азамат қамауға алынды, ұрланған заттар жарым-жартылай алынды.

Соңғы жаңалықтар