Қарасай ауданында иесіз қалған «Ұлан» балалар лагерінде 53 - танкіге, 19 - жаяу әскерге қарсы қолданылатын мина табылды
ТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат -Алматы облысының Қарасай ауданында иесіз қалған «Ұлан» балалар лагерінде 53 - танкіге, 19 - жаяу әскерге қарсы қолданылатын мина табылды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Арнайы жүргізілген іс-шара барысында лагерь клубының жертөлесінен табылған қауіпті заттардың оқу-жаттығу миналары екендігі анықталды. Аталған заттарды жою үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлік тобы алып кетті.