08:24, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қараша айында джихадшылар қолынан 5 мыңнан астам адам қаза болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем бойынша қараша айында бес мыңнан астам адам джихадшылардың шабуылы салдарынан қаза болғанын Би-би-си мен Лондонның Корольдік колледжі бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті. Бұл зерттеудің міндеті азаматтық қоғамнан шыққан жаңалықтар мен оқиғаларды сараптау арқылы әлемде джихадтық күш көрсетудің қаншалықты деңгейде екенін санмен көрсету болды.
Зерттеу нысанына сүннит жауынгерлердің топтары, соның ішінде «Әл-Каида» мен оның жақтастары, сонымен бірге осыған ұқсас идеологиямен басқа да топтары алынды. Барлығы 14 елдегі 16 топтың әрекеттері сарапталды.
Құрбан болғандарың көбі - 44 пайызы «Ислам мемлекеті» тобының әрекеттерінен болған. Бұл топ Ирак пен Сирияны қаруландырып отыр. Ал екінші орында Нигерияның «Боко Харам» тобы тұр.