Қарашадан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Қазақша сөйлейміз» ойын-сауық бағдарламасы эфирге шығады

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы қараша айынан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасында мемлекеттік тілді жетік меңгерген түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Қазақша сөйлейміз» атты ойын-сауық бағдарламасы эфирге шығады.
None
None

   Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» мәселені талқылау барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев  мәлім етті.

«Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын қамту үшін оның абырой-беделін, сондай-ақ оған деген қажеттілік пен сұранысты кеңейту жұмыстарын жандандыру қажет. Бұл ретте басты құрал БАҚ-пен жұмыс. Мұнда да мемлекеттік тілдегі отандық контенттің бәсекеге қабілеттілігін көтеру бағытында жоспарлы жұмыстар жүріп жатыр», - дейді Арман Қырықбаев.

Бұл ретте вице-министр былтырғы жылдың соңынан мемлекеттік тілдегі бағдарламалар үлесі 80 пайызды құрайтын «Мәдениет» телеарнасы эфирге шыққанын, ал ағымдағы жылы «Балапан» телеарнасының көрсетілімі 5 сағатқа ұлғайтылғанын айтты. Бұдан бөлек, биылғы 1 қыркүйектен бастап көрсетілімінің жартысынан көбі мемлекеттік тілде қамтамасыз етілетін ақпараттық «КЗ.24» және ағартушылық «Білім» атты екі телеарна эфирге шыққан болатын.

«Қарашадан бастап «Қазақстан» телеарнасында мемлекеттік тілді жетік меңгерген әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Қазақша сөйлейміз» атты ойын-сауық бағдарламасы эфирге шығатын болады», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар