Қарашаның аяғына дейін Тараздағы әуежайдың ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстары аяқталады - Қ. Бозымбаев

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы қарашаның аяғына дейін Тараз қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жасау жұмыстары аяқталады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Әкімнің сөзіне қарағанда, енді әуежайдағы жолақтың ұзындығы 3,5 шақырымға жетіп, бұл өз кезегінде соңғы буынды ұшақтардың барлық түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға 3,4 млрд. теңге бөлінді. Бұдан бөлек осы әуежайдың иелері жолаушылар терминалын қайта жаңғырту үстінде. Оған 1,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынып отыр. Осы жұмыстар алдағы жылдың көктемінде аяқталады деп күтілуде.

«5,5 мың шаршы метр ауданды қамтитын осы жаңа жолаушылар терминалы қазіргі заманғы барлық талаптарға сай келеді»,-деді Қ. Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар