11:33, 02 Қазан 2012 | GMT +5
Қарашығанақ жобасын кеңейту көзделіп отыр - Сауат Мыңбаев
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы қаңтар-маусым айларында Қашаған жобасы бойынша коммерциялық өнім өндіру жұмысы басталады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында басталған KAZENERGY VII Еуразиялық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
«Ал жобаның екінші кезеңі бойынша өзгерістер болады. Осыған байланысты министрлік консорциумның тиісті ұсыныстарын күтіп отыр. Жалпы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап көрсетті С.Мыңбаев. Ал Қарашығанақ жобасы болашақта кеңейтілетін болады. Министрдің сөзіне қарағанда, ол бойынша Ресеймен тиісті келіссөздер жүргізілуде. «Себебі шикі газдың басым бөлігі Орынбор газ өңдеу зауытына жеткізіледі. Ал шикізаттың қалған бөлігі Қазақстан жерінде салынатын жаңа зауытта өңделмек», - дейді С.Мыңбаев.