Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
ТОИОХАШИ.KAZINFORM – Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының жүміс атанды.
Әсел Қанай әйелдер арасында 61кг салмақта кумите бағдарламасында сынға түсті. Ақтық сында, қазақстандық спортшы қытайлық Ли Гуннан 8:2 есебімен жеңілді.
Осыған дейін, отандасымыз ширек финалда моңғолиялық Пуревжав Маралжингооны 9:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда камбоджалық Ван Чакрияны 3:0 есебімен қапы қалдырды.
Әсел Қанай 2022 жылғы Ханчжоу Азия ойындарының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионатының чемпионы. Сондай-ақ, ол Әлем чемпионатының және Пример-лиганың жүлделерін жеңіп алған.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы күміс медалі.
Еске сала кетсек, Қазақстан каратэ құрамасы жарыстың алғашқы күні екі алтын медаль жеңіп алды. Жоламан Биғабыл ерлер арасында 55кг салмақта чемпионы атанды.
Сонымен қатар, каратэші Софья Берульцева Қазақстан қоржынына Азиаданың төртінші алтынын салды.