Каратэші Мөлдір Жаңбырбайға Азия ойындарында күміс бұйырды

Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарының соңғы күнінде каратэші Мөлдір Жаңбырбайға күміс медаль бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

каратэ
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық спортшы финалда 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, тайбэйлік Шиау Шуанг Гумен алтын жүлдені сарапқа салды.

Қарсыластар 5:5 есебімен тең түскенімен, алтын соңғы нәтижелі әдісті жасаған тайбэйліктің еншісінде кетті.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 49 қола жүлдемен медальдар кестесінде 11-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Мөлдір Жаңбырбайдың Азия ойындарының финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар