Қарауындағы қызметкері алаяқтық жасаған басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды - БҚО
ОРАЛ. 12 маусым. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасының ұсынысы бойынша ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығымен Бөрлі ауданы бойынша салық басқармасының басшысы З.Құспанова
қарауындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қызметiне толық сәйкес келмейтiнi туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Т.Исатаев Бөрлі ауданы салық басқармасының ұйымдастырушылық-құқықтық қызмет бөлімінің бастығы лауазымын атқара жүріп, ЖШС директорының 500 мың теңге қаражатын, кәсіпорынды тарату үшін деген желеумен алаяқтық жолмен иемденіп алған. Орал қалалық сотының үкімімен Т.Исатаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлімі «г» тармағы бойынша сотталды.