Кәрім Мәсімов 2011 жылғы Азиада ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті мәжілісін өткізді

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өтетін Азиада ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті мәжілісі өтті,
None
None

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Кеңеске қатысушылар Азиада нысандарының құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарының барысын, қажетті инфрақұрылымдар тарту жұмыстарын, сондай-ақ ойындарды ұйымдастыру және оны өткізу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, спорттық және ресми шараларды телерадиотрансляциялау мәселелерін талқылады.

Мәжілістің қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға барлық проблемалы мәселелердің жедел шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар