Кәрім Мәсімов «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында болды
АҚТАУ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Маңғыстау облысына екі күндік сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында болды.
«Ақтау» сауд ойын-сауық орталығы әлеуметтік жоба ретінде аймақтағы «Central Asia Petroleum Ltd» жер қойнауын өңдеуші коммпания тарапынан салынды.
Жалпы құны 148 млрд. теңге болатын кешен 2009 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Ғимараттың жалпы аумағы 50 мың шаршы метр, жер аумағы - 6 гектар. Орталық аумағында 122 сауда бутигі, екінші деңгейдегі банктер, үш кинозал, жерасты автотұрағы мен мұз айдыны орналасқан. Кешеннің жер аумағында су айдыны бар балалар алаңқайы орын тепкен.
Аталмыш кешен қалалықтар мен облыс орталығының тұрғындарының көптеп жиналып, демалатын орны.