18:09, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Кәрім Мәсімов павлодарлық алюминийшілерге пәтерлер кілтін тапсырды және құрылыс жасақтары мүшелерімен кездесті
ПАВЛОДАР. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Павлодарда «Қазақстан алюминийі» АҚ өз қызметкерлері үшін салған 10 қабатты тұрғын үйде болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жайлы пәтерлерге зауыттың 130 отбасы қоныстанбақ.Премьер-Министр акционерлік қоғам басшыларының өтінішімен бес жаңа қоныс иелеріне пәтерлердің кілтін тапсырып, оларды мерекелік оқиғамен құттықтады. Осы шағынауданда зауыт жұмысшылары үшін екінші көпқабатты үй салынады, ал болашақта зауыт басшылығы өз қызметкерлері үшін балабақша және басқа да әлеуметтік нысандар салуды жоспарлап отыр. «Қазақстан алюминийі» АҚ дағдарысқа және глинозем өндірісінің көлемі төмендеуіне қарамастан қызметкерлер санын сақтап қалды және еңбек шарты бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауда. Премьер-Министр сондай-ақ бүгін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болып, облыстық студенттер мен жастар жасақтарының аймақтағы құрылыс фирмаларымен жазғы еңбек семестріндегі ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты. Үкімет басшысы Павлдар облыстық студенттік біріккен жасақтары штабының төрағасы Нариман Әбілшайықовтың әңгімесіне ынта қойды. Өткен жылы республикада таңдаулы атанған бұл жасақта биыл бес мыңнан астам адам жазғы еңбек семестріне қатысады, жасақтағы әрбір орынға ? 5 үміткерден келіп отыр. Олар әлеуметтік нысандарды жөндеуге, ауруханалар, мектептер салуға және шырша орманын өртеңнен тазартуға қатысады. Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысының қасына Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев еріп жүрді.