Кәрім Мәсімов Ұлытаудың туристік әлеуетін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңірдің тарихи ескерткіштерін аралады.

Кәрім Мәсімов Ұлытаудың туристік әлеуетін талқылады

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында, сондай-ақ бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары - 100 нақты қадамында туризм индустриясын дамытудың негізгі компоненттерінің бірі ретінде көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесіне айрықша назар аударады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет осы бағытта үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Өңірлерге жұмыс сапары аясында Премьер-Министр ішкі туризмнің даму мәселесіне көп көңіл бөледі. Бұл тұрғыда Ұлытау үлкен рөл атқарады, себебі әлемдік маңызы бар нысандардың біріне жатады.

Атап айтқанда, Ұлытаудың туристік әлеуеті Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында маңыздылығы артуда. Жаңа туристік маршрут дайындау жұмысы атқарылды, олардың арасында, мәселен «Қазақ даласының оазисі», «Ұлытау - ұлт мақтанышы», «Теміртау - металлургтер қаласы». Облыстың негізгі туристік маршруттары тізімі, сондай-ақ Астанаға сапар маршруты «ЭКСПО ұсынады (Recommendby EXPO)» деген белгідегі ұсынылған туристік маршруттар тізіміне енгізілген.

Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және туристік әлеует негізінде дамыту жұмысы туралы Премьер-Министрге мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Премьер-Министр көтерілген барлық проблемалық мәселелерді жинап, Үкіметте арнайы кеңес өткізуді тапсырды, Pm.kz.

Айта кетейік, Дүниежүзілік туристік ұйымының (ДТҰ) мәліметі бойынша, туризм әлемдік экономиканың жоғары табысты және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып есептеледі. Бұл сала әлемдік ЖІӨ-нің 9%-ын, әлемдік экспорттың 6%-ын өндіреді, туристік қызмет саласындағы әрбір 11-ші жаңа жұмыс құрылады.

Қарағанды облысында жергілікті тарихи-мәдени маңызы бар 1 538 ескерткіш және республикалық маңызы бар 22 ескерткіш орналасқан, республиканың тарихи және географиялық орталығы, қазақ халқының мақтанышы - «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы бар.

Жоғарғы тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштердің арасында Жошы хан және Алаша хан, Жұбан ана, Дүйсен, Аяққамыр, Домбауыл, Болған ана, «Хан Ордасы» кесенелері, ортағасырлық тоғыз елді мекен мен бекіністі қоныстар, шипалы су көзі - Ембұлақ құдығы бар.