Карина Ибрагимованың жекпе-жегі тікелей эфирде Көкшетаудың орталық алаңында көрсетіледі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Бүгін 2 тамызда Көкшетау қаласында Париж Олимпиадасына қатысатын ақмолалық спортшыларды қолдауға OPEN AIR іс-шарасы өтеді.

 Карина Ибрагимованың жекпе-жегі тікелей эфирде Көкшетаудың орталық алаңында көретіледі
Фото: olympic.kz

Тәуелсіздік алаңында өтетін іс-шара ұлттық құрама сапында Париж Олимпиадасына қатысып отырған ақмолалық спортшылар боксшы Карина Ибрагимова мен велошабандоз Андрей Чугайды қолдауға арналған.

«Бұл іс-шара спорт жанкүйерлерінің басын біріктіріп қана қоймайды, отандастырымыздың жетістіктері ұлтымыздың мақтанышына айналады», - дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен бірге, OPEN AIR бағдарламасы аясында жарқын шоулар мен жастардың биі жоспарланған. Кештің ең тартымы тұсы, ол «Көкшетау» мәдениет үйінің сыртындағы үлкен экраннан Карина Ибрагимованың жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі болатыны сөзсіз.

Айта кетсек, Францияның астанасы – Париж қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Ақмола облысынан боксшы Карина Ибрагимова мен велошабандоз Андрей Чугай ел намысын қорғап жатыр. Бүгін, 2 тамызда Астана уақыты бойынша түнгі сағат 23:32 шамасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда отандасымыз Карина Ибрагимова Пуэрто-Рико елінің үміті Элион Лосада Моттамен қолғап түйістіреді.

Еске салайық, Әділбек Мусин Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар