21:28, 30 Мамыр 2015 | GMT +5
Карл Фроч: «Головкин мен Дигейл - менің әлеуетті қарсыластарым»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Карл Фроч Геннадий Головкин мен Джеймс Дигейлді өзінің әлеуетті қарсыластары деп атап, бұл ретте мансабын жалғастыру шешімін қабылдаған жағдайда тағы небәрі бір рет жұдырықтасатынын айтып өтті.

Бұл туралы Спорт.кз жазады.
«Жекпе-жекке тағы шықсам, Геннадий Головкинмен жұдырықтасамын. Ол Джеймс Дигейл сияқты әлеуетті қарсыласым. Шынымды айтсам, ондай айқас мен үшін жеңіл (Головкинмен емес). Егер Дигейл менімен жекпе-жекті қаласа, мен оның өтуіне әрекет жасаймын, бірақ маған есімдерді атамаңыз. Бұл жекпе-жек одан да маңыздырақ болуы мүмкін еді, себебі ол Андре Диррелден чемпиондық белдікті әзер алды. Головкин мен Дигейл - менің әлеуетті қарсыластарым. Өз шешімімді келесі аптада қабылдаймын, Тағы бір жұдырықтассам, айқасқа бір-ақ рет шығамын», - деді Фроч IFL.TV-ға берген сұхбатында.