Карло Анчелотти футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Италиялық маман Карло Анчелотти футболдан Бразилия құрамасын жаттықтырады.

К.Анчелоттидің тағайындалғаны жөнінде Бразилия футбол конфедерациясы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде мәлім етті.
Мадридтік «Реал» клубының жаттықтырушысы К.Анчелотти осы маусым аяқталысымен жаңа жұмысына кіріседі.
- Бразилия құрамасына Карло Анчелоттидің келуі стратегиялық қадамнан да маңызды. Мұнымен біз әлемдегі бірінші орынға қайта оралатынымыз жөнінде ниетті екенімізді мәлімдейміз. Ол – тарихтағы атышулы бапкер. Дүние жүзіндегі ұлы клубтарға басшылық етті. Біз бірге Бразилия футболының тарихында жаңа даңқты беттер жазамыз, - деді Бразилия футбол конфедерациясының басшысы Эдналдо Родригес.
Анчелотти Бразилия құрамасына биылғы 6 маусымда Эквадормен және 11-інде Парагваймен өтетін ойындарында басшылық ететін болады.
Италиялық маманның жетекшілігімен «Реал клубы екі рет Испания чемпионатын ұтты. Сондай-ақ үш дүркін УЕФА чемпионы атанды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Реалды» ірі есеппен ұтқан «Барселонаның» Испания суперкубогын жеңіп алғанын жазған едік.