Қарлы бұрқасын Шығыс Қазақстандағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының жабылуына себепші болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстандағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл қауіпсіздік шаралары Шығыс Қазақстандағы ауа райының қолайсыздығына (ұйтқыма жел, қарлы бұрқасын) және жолдың көріну мүмкіндігінің шектелуіне байланысты жасалып отыр.