Қармақшы ауданының полиция қызметкерлері заңсыз аң аулап жүрген екі азаматты ұстады

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Қармақшы ауданының полиция қызметкерлері заңсыз аң аулап жүрген екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
None
None

Көмекбаев ауылының шетінен Жарма деген жерден тәртіп сақшылары «Урал» маркалы мотоциклын тоқтатып, одан осы ауылдың 48 және 33 жастағы тұрғындарынан 2 қарақұйрық лағын және 2 жабайы қоян аңдарын атып алып келе жатқан жерлерінен ұсталды. Бұл екеуінен айғақ зат ретінде 1 пышақ, 12 калибрлі аңшы қаруы алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, қарақұйрық лағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген аңдардың бірі. Оны заңсыз ату үшін қылмыстық жауапкеркершілікпен қоса ірі мөлшердегі айыппұл да салынады. Бір қарақұйрық лағы 400 АЕК көлемінде (1 АЕК 1413 тенге) бағаланады. Жабайы қояндарды аулау қыркүйек айына дейін тыйым салынған. Бір қоянның құны 5 АЕК теңестірілген.

Соңғы жаңалықтар