Қармақшыда шұбат өндіру жолға қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Асыл тұқымды түйе өсіретін "Қармақшы" серіктестігі шұбат өндіруді жолға қойып, тұтынушыларға өз өнімдерін ұсына бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мемлекет тарапынан тиісті субсидия төленуі нәтижесінде серіктестікте түлік төресі - түйенің саны 210-ға жетті. Тұрақты қаржылық қолдауға ие болған олар алдағы уақытта ойсыл қараның жүні мен сүтін көбірек өндіруді көздеп отыр. Алғашқы қадам ретінде емдік қасиеті зор шұбат сата бастады. Бағасы да көпшілік қалтасына салмақ салмайды. Жосалы кентіне жаз айларында 400-500 литр шұбат алу межеленсе, қыста бұл көрсеткіш сәл төмендеу шығады.
Соңғы жаңалықтар