09:38, 04 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қарулар қоймасын ұстаған Шымкент тұрғыны ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ПМ маркалы қарулардың 300 дана оқ-дәрісі табылған Шымкент тұрғыны Мейіржан Қалдыбековті тәртіп сақшылары бұлтартпас шара ретінде қамауға алды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

«10 тамызда Шымкент қаласындағы Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы №1734 үйді тінтіп-тексеру кезінде 300 дана ПМ маркалы қарулардың оқ-дәрісі табылған. Өткізілген баллистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сараптамаға ұсынылған 300 дана оқ-дәрі ПМ, АПС, Р-63, Р-64, RK-59 маркалы тапаншаларына арналып, зауыттық тәсілмен жасалған және атуға жарамды деп көрсетілген.
Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 21 тамыздағы қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ҚК-нің 291 бабының 3 бөлігінің 1,2,4 тармағымен, 361 бабының 4 бөлігімен күдіктелген М. Қалдыбековке қатысты, 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі санкция берілді.