Қарулы күштер бөлімшелерінің үйлестіру жаттығуларына 7 мыңға жуық әскери қызметші қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің бөлімшелерінде бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру өткізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарулы күштер бөлімшелерінің үйлестіру жаттығуларына 7 мыңға жуық әскери қызметші қатысты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Іс-шараның негізгі мақсаты – бөлімшелер жеке құрамының келісілген іс-қимылына қол жеткізу және кіші командирлердің бағыныстыларды басқарудағы дайындық деңгейін жетілдіру.

Сабақтар тәжірибелі командирлер мен нұсқаушылардың жетекшілігімен оқу сыныптарында, полигондарда және аэродромдарда штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы іс жүзінде қолдану арқылы ұйымдастырылды. Қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінді.

Үйлестіру іс-қимылы барысында тактикалық, тактикалық-арнайы және арнайы дайындық тақырыптары байланыс, барлау, инженерлік және әскери-медициналық даярлық мәселелерімен кешенді түрде кезең-кезеңмен пысықталды. Іс-шаралар бекітілген қарудан ату дағдыларын, жауынгерлік және арнайы машиналарды жүргізу шеберлігін арттыруға, сондай-ақ әскери қызметшілердің дене дайындығын нығайтуға бағытталды.

Қарулы күштер бөлімшелерінің үйлестіру жаттығуларына 7 мыңға жуық әскери қызметші қатысты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорытынды кезеңде бөлімшелер күндізгі және түнгі уақытта штаттық қару-жарақ пен әскери техникадан жауынгерлік атыстарды орындады. Сонымен қатар бақылау тактикалық сабақтары барысында жеке құрамның дайындық деңгейі тексерілді. 

Бөлімшелерді үйлестіруден өткізу – жауынгерлік дағдыны жетілдіру мен қойылған тапсырмаларды тиімді орындауға бағытталған Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттырудың маңызды кезеңі. Дайындыққа барлығы 7 мыңға жуық бөлімше тартылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін десантшы барлаушыларды қалай даярлайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар