Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға 236 мың шектеу енгізілді
Борышкерлерді Қазақстан аумағынан шетелге шығаруға шектеу енгізу шарасы жұмыс істеп жатқандығын еске салып өткен ол, «бұл тұрғыдағы көрсеткіштерге тоқталатын болсам, бүгінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға 236 мың осындай шектеу енгізілді. Бірақ та, бұл норманың ерекшеліктерін де ескеру қажет, себебі сот орындаушысы бұндай қаулыны шығаруға құқылы. Егер де осы жайында өндіріп алушы мәлімдесе, онда ол осы қаулыны енгізуге міндетті. Яғни, бүкіл жағдайларда өндіріп алушы сот орындаушысын талап ете бермейді. Сондықтан да орындаудағы 1 млн. 600 мың құжаттың ішінде Қазақстан аумағынан шығуға қатысты барлығында шектеу енгізілмеген», - деп түсіндіріп өтті ол.
Осы орайда ол Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салу туралы сот орындаушының қаулысы сот тарапынан санкциялауға жатқызылатынын еске салып өтті. Қаулыны қарастыру кезінде судья құжаттың дәлелдігін, сондай-ақ бұл шараны қолданудың қажеттілігі қаншалықты екенін назарға алады.
Оның сөзіне қарағанда, кейбір жағдайларда өздерінің қарыздарын өтесе де шетелге шыға алмай жатады. Бұған борышкерлердің өздері қарыздарын жапқаннан кейін, осы жайында сот орындаушысына хабарламауы себеп болуда.
Болашақта өздерінің қарыздары туралы білмеген борышкерлерге өздерінің қарыздарын «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы өтеу мүмкіндігі беріледі. Бұл тұрғыда елден шетелге шығуға енгізілген шектеу автоматты түрде доғарылатын болады.