Қаржы дағдарысы адамдардың бойындағы рухани құндылықтардың жоғала бастағандығының белгісі - Митрополит Нифон

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пікірінше, діни қарым-қатынастардың этикасын қалыптастыруда аса сақ болған жөн. Ол бір ғана діннің мұңын жоқтап кетпеуі тиіс. «Бүгінгі экономикалық және қаржы дағдарысы жөнінде сөз қозғамаған адам болған жоқ. Бұл мәселені барлығы көтеріп жатыр. Ал осы дағдарыстардың барлығы да біздің бойымызда рухани қасиеттердің жоғалып кеткендігінен пайда болуда. Сондықтан да бізге осындай дағдарыстардың алдын аламыз десек, бірінші кезекте рухани құндылықтарға мән беру қажет. Өмір немесе әлем Жаратқаннан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда біздің бүгінгідей жиын өткізіп, маңызды мәселелерді талқылап отырғандығымыз бәрімізді де қуантады. Меніңше, біз бойымыздағы барлық күш- жігер мен тәжірибені осы рухани құндылықтарды дамытуға жұмсауымыз қажет. Егер біз бір - бірімізді сыйлап, құрметтей білмесек, жағдайымыз мүшкіл болады. Әлемнің бір бұрышында мұсылман басым болса, екінші бұрышында христиан діні басым. Біз осы теңсіздіктер орын алған аймақтардағы жағдайды бақылап, оның тұрақты болуына көңіл бөлуіміз керек. Бізге дінге қатысты мәселелерге көз жұма қарап отыра беруге болмайды», деді Митрополит.