Қаржы дағдарысы тұсында көрсетілген бұл қолдау ? біз үшін уақытында жеткен көмек болды - мемлекеттік қызметкер

АҚТАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат. /Жетібай Шаханұлы/ - Қаңтардың 1-інен бастап жалақымыздың 25 пайызға өскені өзім сияқты барлық мемлекеттік қызметкерлерді ынталандырып тастады деп білемін. Қаржы дағдарысы тұсында көрсетілген бұл қолдау – біз үшін өте уақытында жеткен көмек болды,
None
None
дейді Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық талдау бөлімінің бастығы Гүлмира Мамаева.«Аса қадірлі Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясаты бұқара халықтан, соның ішінде, маңғыстаулықтар тарапынан үлкен қолдау тауып отыр. Оны мен қызметімнің барысынан айта алам. Соңғы бюджеттік өзгерістер мен жалпы экономикадағы жаңғырулар да халықтың көкейінен шығуда. Кейбір тұрғыда бұқара халықтың қаржылық сауаттана түсуіне әдістемелік негіз болып отыр. Осындай айқын саясатымен елімізді қатерге ұрындырмай алып келе жатқан Елбасына халықтың, жеке өзімнің де алғысым шексіз», дейді мемлекеттік қызметкер.Жалпы әкімдік, басқарма, департаменттерді қосқанда облыс бойынша 214 мемлекеттік орган бар. Оларда штат бойынша 2888 бірлік болса, нақты 2758 адам қызмет етуде. Соның 2359-ы жоғары білімді, 378-орта кәсіптік, 15-і орта білімді мамандар.
Соңғы жаңалықтар