Қаржы министрлігі электрондық конкурстарды өткізу үшін нормативтік актіні қабылдады - Болат Жәмішев
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде Қаржы министрлігі электрондық конкурстарды өткізу үшін нормативтік актіні қабылдап отыр.
Бұл туралы жақында Қаржы ведомствосының басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді.
- Осының нәтижесінде қазір министрлікте акт «серпінді» режім түрінде іске қосылды. Біздің мамандар кәсіпкерлер үшін «е-конкурстың» маңыздылығын айтуда. Мұндағы конкурстарда қағазбастылық болмайды, шенеуніктер болса, шектен шықпай, электрондық сатып алуды нәтижесімен ғана жұмыс істейді, - дейді ол.