Қаржы министрлігінде ревизордың жұмысы қатаң бақылауда

«Қазіргі кезде камералық бақылауды жүзеге асыру кезінде қызметкерлер, яғни біздің ревизорлар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту мақсатында Қаржы министрлігімен автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте әрбір ревизордың іс-қимылын логиндеу шаралары қамтылып отыр»,-деді ол.
Белгілі болғандай, егер ревизор жүйеге кірсе, оның әрбір қадамы мен ол қарап шыққан әр құжат тіркеледі. Яғни бұл тұрғыда тексеруші қараған құжат бірегей кодпен айқындалады. Кейіннен шағым түскен жағдайда ревизордың іс-қимылдарын қайта қарап шығуға мүмкіндік болады. Сонымен қатар Қаржы министрлігімен ревизордың әрбір жасаған іс-қимылын регламенттейтін қадамдық нұсқауы әзірленді.
Вице-министрдің айтуынша, посткеңестік кеңістіктегі елдерге қарағанда Қазақстанда ғана сатып алулардың мемлекеттік алаңы жұмыс істеуде. Онда сатып алулардың барлық түрлері бойынша рәсімдердің 100 пайызы тек электронды түрде іске асырылады.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жүйе 100 пайыз деңгейде автоматтандырылған. «Электронды Қаржы министрлігі» жүйесі сатып алулар порталына ықпалдасқан, бұл өз кезегінде камералық бақылау жүйесін енгізуге мүмкіндік берді. Осы орайда аудиттің тиісті рәсімдері жүзеге асырылады.
Камералық бақылау келісімшарт бекіткенге дейін бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді екен.