Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 3 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 3 аукцион жүргізілді.
None
None
Бұл бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасының Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда 7,1 миллиард теңгелік 12 айлық МЕККАМ мен 4,2 миллиард теңгелік 5 жылдық МЕОКАМ және 15,6 миллиард теңгелік 15 жылдық МЕУЖКАМ орналастырылды. Бағалы қағаздардағы тиімді кірістілік инфляция деңгейінен МЕККАМ бойынша ? 7,64 пайыз, МЕОКАМ бойынша ? 8,89 пайыз, МЕУЖКАМ бойынша ? 0,01 пайыз болды. Бұл аукциондардан кейін Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі ақпанда қаңтармен салыстырғанда 3 пайызға ұлғайып, 833,3 миллиард теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар