Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті елімізден капиталдардың сыртқа ағылуына бақылау жасайтын болады

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті елімізден капиталдардың арам жолмен сыртқа ағылуына бақылау жасайтын болады. Бұл туралы бүгін аталмыш министрліктің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алқада Мемлекет басшысының тапсырмасымен министрліктің құрылымында Қаржылық мониторинг деп аталатын жаңа орган құрылғанын айтқан Премьер-Министр, бұл орган бойынша заңнама қазір Парламентте жатқанын жеткізді. «Қазіргі жағдайда қандай да бір тұрақсыздықты пайдаланып, өзінің капиталын арам жолмен елден шығарғысы немесе пайда тапқысы келетін адамдар пайда болуы мүмкін. Әсіресе қазіргі кезеңде заңнамалық негізде мұның барлығы біздің бақылауымызда болуы тиіс», деді Премьер-Министр. К. Мәсімовтың айтуынша, қазіргі кезеңді «бір жағынан бәрін жеңілдетіп, бизнеске еркін тыныстауға мүмкіндік беру керек, екінші жағынан егер заң қолданыста болса, оны орындау қажет». «Меніңше, бұған ешкімнің де қарсылығы болмауы тиіс», деді ол. «Қаржы министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелері - бұлар қантамыр жүйе, осы арқылы дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда. Егер сіздердің жүйенің бір жері ақсайтын болса, онда тұтастай мемлекеттк тетік шайқалуы мүмкін. Сондықтан, қазіргі кезде нақты әрі үйлесімді, жартылай әскери, мүмкін тіпті әскери тәртіп болғаны жөн», деді К. Мәсімов министр Болат Жәмішевке қаратып айтқан сөзінде.
Соңғы жаңалықтар