Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қаржы полицейлері ОҚО-ның тұрғындарын ақша купюраларына мұқият болуды сұрайды

ШЫМКЕНТ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның қаржы полицейлері облыс тұрғындарынан есептесу кезінде ақша купюраларына мұқият назар аударуды сұрайды.

Қаржы полицейлері ОҚО-ның тұрғындарын ақша купюраларына мұқият болуды сұрайды

Бұл Оңтүстік Қазақстанда жалған ақша купюраларының жиілеп кеткен оқиғаларымен байланысты. Әсіресе құны 2, 5 және 10 мың теңгелік ақшаларға сақ болған жөн.

ОҚО қаржы полициясының баспасөз қызметінің мәліметтерінше, тек 2012 жылы ғана департаменттің қызметкерлері жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау немесе сату фактісімен 34 қылмыстық іс қозғады.