Қаржы полициясы 5 млрд. теңгенің тиімсіз пайдаланылуына жол бермеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір жарым жылда түрлі деңгейдегі 300-ге тарта басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
None
None

Былтырдан бері агенттікте Ахуалдық орталық жұмыс істеп жатқанын еске салып өткен ол, оның қызметкерлері мемлекеттік органдар мен өзге де ашық ақпараттық көздерді пайдаланып, келіп түскен мәліметтерге талдау жасап, құқық бұзушылықтың проблемалық аймақтарын анықтау тұрғысында сараптамалар жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар олар шағын және орта кәсіпкерліктің қызметіне араласпайды.

«Мәселен, осы орталықтың жұмысы басталғалы мемлекеттік органдардың сатып алулар жоспарларын мониторингілеу арқылы бес миллиард теңгеден астам теңгенің тиімсіз пайдаланылуының жолы кесілді. Яғни, біз бастапқы кезеңде құқық бұзушылықты ескерттік. Осы орайда қаржыны жымқыру немесе тиімсіз және мақсатсыз игеруге жол берілуі мүмкін еді»,-деді ол.

М. Ахметжановтың сөзіне қарағанда, аталған қаржы қайтарылып, мемлекеттік сатып алулар қайта жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар