Қаржы полициясы А.Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 3 қазанда Қаржы полициясы агенттігі Анар Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Оған халық санағын жүргізуге бөлінген 758 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлады және серверлік құрал-жабдық үшін екі кондиционер сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 3,5 млн. теңге залал келтірді деген айыптар тағылды. Бүгінгі күні айыпталушы мен оның қорғаушысын көлемі 30 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүргізілуде.

Танысудан кейін қылмыстық іс одан әрі сотқа тапсыру үшін айыптау үкімімен прокуратура органдарына жолданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Анар Мешімбаева Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының оны беруінен кейін 2013 жылғы 7 қыркүйекте Қаржы полициясы агенттігі қызметкерлерімен Қазақстанға жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар