Қаржы полициясы денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінде жасалған 26 қылмысты анықтады

ВЛОДАР. 12 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Осы жылдың тоғыз айында қаржы полициясы денсаулық сақтау саласында алты және білім беру саласында 20 жемқорлық қылмысты анықтады,

Қаржы полициясы денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінде жасалған 26 қылмысты анықтады

деп хабарлайды экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның төлемдеріне жалған мәлімет енгізу арқылы 1,6 млн. теңгегі қалтасына басқан аудандық туберкулезға қарсы аурухананың бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 2008 жылдың мамыр айынан бастап 2011 жылға дейін ол өзіне және штаттан тыс тағы бір қызметкерге жалақыны қосып жазып отырған.

Медициналық мекемелерде жасалған алты қылмыс салдарынан 17 млн. шығын келіп, оның 15 млн. теңгесі қайтарылды.

Білім беру жүйесіндегі 20 сыбайлас жемқорлық мемлекетке 35,9 млн. теңге шығын әкелген, әзірге оның 4,7 млн. теңгесі қайтарылды.

Алты миллион теңгеден астам ақша жымқырған Екібастұз мектеп лицейінің директорына қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

Бұл іс Екібастұз қаласының прокуратурасына жіберілді.