Қаржы полициясы парақорлық фактілері туралы хабарлағандарды материалдық ынталандыруды заңнамалық бекітуге бастамашы болуда
АСТАНА. Наурыздың 18-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаржы полициясы азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске барынша тарту мақсатында парақорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды материалдық ынталандыруды заңнамалық бекітуге бастамашы болуда.
Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте аталмыш органның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, қолданыстағы заң бойынша парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшері 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін өсірілді. Ал аса ірі мөлшерде пара алғаны немесе бергені үшін мүлікті тәркілеу арқылы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.