Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қаржы полициясы Парламент Мәжілісінен заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін бекітуге бағытталған заң жобасын кері шақырып алды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бақылау және тексеру органдары тарапынан бизнеске әкімшілік қысымды болдырмау мақсатында Қаржы полициясы Парламент Мәжілісінен заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін бекітуге бағытталған заң жобасын кері шақырып алды.

Қаржы полициясы Парламент Мәжілісінен заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін бекітуге бағытталған заң жобасын кері шақырып алды

Бұл туралы Қаржы полициясы агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңесте хабарланды

Агенттікпен кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз тексеру фактілерінің жолын кесу мақсатында аумақтық бөлімшелерге алдын-ала жедел тексерусіз тергеуге дейінгі тексерулерді тию, тексеріліп отырған субъектінің қызметінің тоқтатылуына жол бермеу, оның ішінде үй-жайларды жабу және автокөліктерді тұрақтарға қоюға жол бермеу туралы нұсқаулар жіберілді.

Тексерулер экономиканың көлеңкелі секторында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты, сондай-ақ мемлекет қаржысын ұрлау фактілері, оның ішінде индустриалдық-инновациялық және мемлекет қатысатын басқа да жобаларды жүзеге асыру кезінде орын алатын ұрлау фактілері бойынша жүргізіледі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бақылаушы және қадағалаушы органдардың кәсіпкерлік субъектілерін тексерулердің азаю тенденциясы байқалуда.

Мәселен, 2011 жылғы 10 айда бақылау және қадағалау органдарымен тергеуге дейінгі тексеріс және тергеу барысында 1 680 тексеріс жасалса, ағымдағы жылдың осындай кезеңінде олардың саны 923 құрады (1,8 есе азайған).