Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қаржы полициясы «Семей Инжиниринг» компаниясының басшысын ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 19 ақпанда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 600 мың теңге көлеміндегі параның бір бөлігін алу кезінде «Семей Инжиниринг» АҚ бас директоры Бақытжан Сейітовті ұстады, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Қаржы полициясы «Семей Инжиниринг» компаниясының басшысын ұстады

«Оған ЖШС өкілінен қызмет көрсету келісімшартына отыру үшін 3 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдік тағылуда. Осы күні Сейітовке қатысты бопсалау жолымен ірі көлемде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс тергелуде, Сейітовке қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.