Қаржы полициясының қызметкеріне халықаралық іздеу жарияланды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Табысын жасырғаны үшін қызметінен қуылған қаржы полициясының қызметкері енді әріптестерінен бой тасалап жүр.
Бұл мәселе жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың желтоқсан айының 24-інде жүргізілген қызметтік тексерулер барысында қаржы полициясының қызметкері Дәмир Орманбетовтың сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерге барғаны анықталған. «Атап айтқанда, ол өзінің материалдық жағдайы жөніндегі декларациясын тапсыру кезінде Қарағанды қаласында үйі бар екендігін жасырып қалған. Осыған байланысты оған қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 532-ші бабына сәйкес іс қозғалып, Д.Орманбетов қызметінен қуылған. Ал кейінірек, яғни биылғы жылдың ақпан айында оған қатысты Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік қызметі алаяқтық әрекет бойынша қылмыстық іс қозғап, айыпты азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс әлі тексерілу үстінде. Сондықтан біз оған қатысты өзге мәліметтерді бере алмаймыз», деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар
telegram