18:22, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қаржылай көмек көрсету көлемі ? 204, 2 млн. теңге
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындарға егін шаруашылығын дамыту және мал басын көбейту шараларына бөлінген несие көлемі нақтыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Қамқоршы" несие серіктестігінен өткен жылы егін шаруашылығына 71,3 млн. теңге, мал өсіруге 93,2 млн. теңге, құрал-жабдық, техника алуға 16,3 млн. теңге несие берілген екен. Сонымен қатар "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы тұрғындар 23,4 млн. теңге несие алған. Сонда жыл бойғы қаржылай көмек 204,2 млн. теңгені құрап отыр.