17:11, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қаржылық дағдарыс жағдайында елдегі барлық күштер жұмыла әрекет етуі керек ? Елбасы
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгінгі дағдарыстың қиындық тудырып отырған жағдайында еліміздің барлық күштері – мемлекет, бизнес қауымдастығы және саяси ұйымдар біріге түсуі тиіс. Бүгін «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің ойымша, «Нұр Отан» партиясы ҚР Президентінің жанындағы Отандық инвесторлар кеңесімен бірлесе отырып қиын кезеңде жұмылу шаруаларымен айналысуы тиіс. Біздің еліміздің бизнес қауымдастықтары, саяси партиялар мен мемлекет халыққа қиын кезеңде олармен бірге екендігін мәлімдеуі керек. Ал басқа мәселелер болса біз оны қаржы дағдарысын еңсергеннен соң қарастыратын боламыз», деді Н. Назарбаев.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің барлық саяси партиялар өкілдерімен қиын кезеңде мемлекеттік саясат бойынша жұмыла әрекет ету туралы меморандумға қол қойғанын айта келе, мұндай жақсы бастаманы партия бюросы да қарастыруы қажеттігін айтты.