Қаржылық мониторинг агенттігі өткен жылы қандай ірі экономикалық қылмыстарды ашты

Агенттік Мемлекет басшысы қойған барлық басым міндеттер бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бизнесті қылмыстық процеске тартуды азайту жүйелі жүргілуде. Нәтижесінде тіркелген істер саны жыл сайын тұрақты төмендеуі тіркелуде.
Соңғы 4 жылда олардың саны екі еседен астамға, 2021 жылмен салыстырғанда – төрттен бір бөлегіне қысқарды. Соттар тергеушілердің әрекеттеріне түскен шағымдарды 20%-ға аз қанағаттандырды.
Бұл ретте, негізгі назар көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимылға бағытталған, мұндай істердің тіркелген материалдардың жалпы санының үлесінен 70%-дан асады (бұл істер бойынша мүлікке тыйым салуды ескере отырып, 97 млрд теңгеден астамы өтелді).
Қабылданған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейінің 21,5% болжамды мәнімен 19,7%-ға дейін төмендеуіне оң әсер етті.
Жалған шот-фактураларды жазу арқылы салық төлеуден жалтаруға ықпал еткен 1 мыңнан астам қолма-қол ақшаға айналдыру фирмаларының қызметі тоқтатылды.
Лудоманияның алдын алу (ойынға тәуелділік) аясында
110 заңсыз ойын мекемесі жойылды.
Азаматтарды заңсыз алкоголь өнімін пайдаланудан қорғау мақсатында 44 жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды (айналымнан 1,5 млн бөтелке контрафактілі алкоголь және 99 мың литр спирт және құрамында спирті бар өнімдер алынды).
Қаржылық барлаудың аналитикалық материалдары бойынша жалпы айналымы 4,6 млрд теңгені құрайтын және 27 мыңнан астам сатып алушылары бар есірткі сататын 22интернет-дүкен әшкереленді.
Берілген ақпарат негізінде полиция 10 іс қозғады, 17 адам ұсталды (500 дозадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 3 кг синтетикалық).
29 қаржы пирамидасы жойылды, жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге залал өтелді.
Тек бір ғана «В2В Jewelry» компаниясы бойынша алданған 230 салымшыға 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартуға жолын кесу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 мың интернет-сілтемелер мен аккаунттар бұғатталды. Қазірдің өзінде тартылған азаматтардың атына 19 мың ескертулер жіберілді, бұл 15 мың адамның қаржылық пирамидалары аккаунттарынан бас тартуына ықпал етті.
Компанияларды қаржы пирамидасының белгілеріне тексеру үшін «Telegram-бот» енгізілді (азаматтардан 1 мыңнан астам өтінім түсті, олардың 900 шамасында қаралды). Сонымен қатар, жұмыс оларды ерте анықтауға бағытталған.
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануын анықтау бойынша жұмыс шеңберінде 69 іс тіркелді. 215 млрд теңгеге залалды (тыйым салуды ескере отырып) өтеуге шаралар қабылданды.
«Таразэнергоцентр» АҚ жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолын кесу, оның істен шығуының алдын ала отырып, жылыту маусымында аппаттарға жол бермеді. Стратегиялық объект мемлекеттік басқаруға қайтарылды.
Экономикалық қылмыстарды анықтау әдістері жетілдірілуде.
Бүгінгі таңда жалған шот-фактураларды жазу, бюджет қаражатын ұрлау және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың түрлері жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы анықталады.
Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және адал бизнесті заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Агенттік жобалық басқару құралдарын белсенді түрде енгізуде. Екінші жыл қатарынан Агенттік жобалары «Qazaqstan Project Management Awards-2022» республикалық байқауында орталық мемлекеттік органдар арасында көшбасшы орынға ие болды (2022 жылы жалпы командалық 1 орын).
Агенттіктің үйлестіруімен ұлттық «жылыстатуға қарсы» жүйеге реформа жүргізілді. Қолданыстағы заңнама ФАТФ стандарттарына барынша жақындатылды (3 кодекс, 13 заңнамалық және 20 заңға тәуелді актілер өзгертілді).
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс күшейтілді.
Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарының кандидатурасы Эгмонт Тобындағы (Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан) Еуразия өңірлік тобының өкілі ретінде қосылды.
Бұл Қазақстанның халықаралық аренада танылуын арттырады, жер жүзіндегі жетекші қаржылық барлаумен ынтымақтастықты кеңейтеді және тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимылды нығайтады.
Агенттіктің белсенділігі ЕАТ (қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ) рейтингінде қаржылық барлаудың ең пайдалы үш бөлімшесіне кіруге мүмкіндік берді.
Жылыстатуға қарсы жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ҚКЖ/ТҚ тәуекелдері барынша азайтылатын жағдайлар жасауға бағытталған 2026 жылға дейінгі қаржы мониторингін дамыту тұжырымдамасы бекітілді.