Қаржыны игермеген алты министрліктің тізімі жасалды
Атап айтқанда, 2016 жылы шығыстар 8 трлн 501 млрд теңгеге атқарылып, 98,3 пайызға игерілді.
«Игерілмеудің негізгі сомалары келесі министрліктер бойынша қалыптасты: Қорғаныс министрлігі - 29 млрд теңге; Ішкі істер министрлігі - 1,2 млрд теңге; Білім және ғылым министрлігі - 1 млрд теңге; Сыртқы істер министрлігі - 920,2 млн теңге; Ауыл шаруашылық министерлігі - 870,2 млн .теңге; Әділет министрдігі - 759 млн теңге. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есе азайып 268 млрд теңгені құрады», - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырылым барысында.
Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаражаттың квазимемлекеттік сектордың қазынашылық шоттарындағы қалдықтары 14,5 млрд теңгені құрады. Бұл сома 2015 жылмен салыстырғанда 5 есеге азайды.