15:53, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Қаржыны үнемді әрі тиімді жұмсауға да халық санағы септеседі
ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елде қаржыны үнемді әрі тиімді жұмсауға да халық санағы септеседі.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов мәлім етті. Оның айтуынша, халық санағы қаржыны бірінші кезекте қай салаға бағыттау керектігін көрсетуі тиіс. Бұл орайда, әрине, мүгедектер де ұмыт қалмақ емес. «Қазіргідей дағдарыс жағдайында Елбасымыз дұрыс жолды нұсқап, бәрімізді қиындықты жеңіп, ортақ міндеттерді орындауға жұмылдырып отыр. Сонымен қатар мемлекет осындай уақыттың өзінде аз қамтылған немесе мұқтаж азаматтарды қолдаудың да үлгісін көрсетіп келеді», деді ол.