KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2011 жылдың үздік қаржы институттары марапатталды
АЛМАТЫ. 5 маусым. ҚазАқпарат - «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ «Мемлекеттік бағалы қағаздардың биржалық нарығындағы көш бастаушы»,
«Репо операциялары нарығындағы көш бастаушы» аталымдары бойынша «алтын» және «Экономиканың қаржылық секторындағы листингтік компаниялар» тобындағы «Бүркемесіздікке ұмтылысы үшін» атты дипломға ие болды. Ал Қазақстан халық банкінің Алматы қаласындағы «Halyk Finance» еншілес ұйымы» АҚ екінші жыл қатарынан «Жетекші қаржылық консультант» аталымы бойынша жоғары марапатқа ие болды.
Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңімпаздар Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2012 жылғы 10 сәуірдегі шешімімен жыл сайынғы танымал мүшелерін көтермелеу ережесіне сәйкес анықталды. Оларды марапаттау салтанаты KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына орайластырылып өткізілді.