11:59, 12 Желтоқсан 2016 | GMT +5
KASE: АҚШ доллары 2,75 теңгеге арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,56 (-2,75 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі -112 900 мың АҚШ долларын (+88 900 мың USD) құрады.
Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеуі тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,8575 теңгені (-0,5161 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 600 мың юань (-100 мың юань) болды.